Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігі Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тапсырмаларын іске асыру аясында жастардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға көңіл бөлуде.
Осыған байланысты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен қаржылық қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша форумы өтуде. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ШҚТУ оқытушылары мен студенттері қатысты.
Форумның басты мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, студенттерге қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи үрдістерді түсіндіру, қауіптер мен тәуекелдерді анықтауға және алдын алуға үйрету. Аталған іс-шара Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық олимпиада қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Үздік деп танылған студенттер ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарға ие болады және Ресейде өтетін Халықаралық олимпиадаға жолдама алады.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
- Онлайн тестілеу;
- Офлайн форматта эссе жазу;
- Финалдық кезең – интеллектуалдық ойын және фиджитал шахмат турнирі арқылы жеңімпаздарды анықтау.
Дәрістер барысында қазіргі қаржылық алаяқтық схемалары, дропперлер туралы айтылып, нақты мысалдар талданады. Студенттер қаржылық қауіпсіздік негіздерімен танысып, жеке қаржыны қорғау тәсілдерін меңгереді.
Сондай ақ, еске сала кетейік, өңіріміздің талантты жастары түрлі ұрандармен студенттік акциялар мен жарқын, заманауи флешмобтар бастамасын қолға алды.
#заңментәртіп
#законипорядок
#олимпиадапофинансовойбезопасности2025 #қаржылыққауіпсіздікбойыншаолимпиада2025
@afm_rk
@afm_regiony