Университеттің Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. ЖОО-ның 2015-2020 жылдары атқарылған жұмыс сараланып, алдағы бес жылға даму перспективалары талқыланды.
Атап айтсақ, ШҚТУ-дың даму стратегиясы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, яғни 2015 жылдан бастап биылғы жылға дейін ғылым мен білімнің максималды интеграциясына көңіл бөлінді. Оның аясында Ұлттық экономика үшін инженерлік кадрларды даярлау моделі құрылып, іске асырылуда. Сонымен қатар, коммерцияландырылатын зияткерлік әлеуетті құратын ғылыми-зерттеу қызметінің негізін қалыптастыруды қолға алып, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар арқылы өңір кәсіпорындарымен әріптестік орнаттылды. Университеттің сандық экожүйесі жақсартылды. Осылайша ШҚТУ еліміздегі мықты серверлері бар университеттердің үштігіне кірді.
Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ КЕАҚ басқарма төрағасының м.а.-ректор Жасұлан Шаймардановтың айтуынша алдағы 5 жылда атқарылар жұмыс бұдан да көп болмақ.
- 2021-2025 жылдары ғылымды бірінші орынға шығаруымыз керек. Ғылыми-зерттеу қызметінің моделін, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру алгоритмін жасақтап, іске көшуіміз қажет. Сондай-ақ, Ұлттық экономиканы қызықтыратын халықаралық ғылыми-зерттеу платформаларымен бірге жұмыс істеуді қамтамасыз ету қажет. Біздің жобалар, аймақтық экономиканың ғылыми-өндірістік міндеттерін шешуге ұмтылуы тиіс, - деді ШҚТУ ректоры.
Үшінші кезеңде халықаралық деңгейдегі ЖОО-дың қатарына қосылу жоспарланған. Онлайн форматта өткен Ғылыми кеңесте ШҚТУ-дың парасаттылық стратегиясының іске асырылу барысы талқыланды. Тағы бір қаралған маңызды тақырып - білім алушылардың сапалы контингентін қалыптастыру тәсілдері және білім беру қызметтерінің экспорты (қабылдау жоспары). Кадрларды даярлаудың практикалық-бағдарланған моделін дамыту. Бұдан басқа диссертациялардың тақырыптарын және 1 курс докторанттарының ғылыми консультанттарын бекіту және PhD ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация тақырыптарын және жоғары курс докторанттарының ғылыми консультанттарын өзгерту туралы ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Наталья Денисова сөз сөйледі.