Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жастардың көрнекті тәлімгері атанған қазақ тілінде оқытатын факультеттің бірінші деканы Тұрсынбек Ғизатұлы Жантасовтың туғанына 86 жыл толуына орай «Жас Математик» олимпиадасын өткізді. Оған Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің оқушылары қатысты.
Олимпиада 2012 жылдан бастап математикадан дарынды оқушыларды анықтау, зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту, математикадан облыс мектептерінің оқушыларын қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында өткізіліп келеді.
Биыл олимпиадаға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының мектептерінен 200-ден астам 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатысып, математика пәнінен білім алды. Олимпиадалық есептерді шешуде тапқырлық танытқан оқушылар мен олимпиада жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
ШҚТУ дарынды оқушылардың даму жолында тұрақты негізде қолдау көрсетеді. Университет көптеген олимпиадалар мен конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады, өйткені жас балалардың білімі өңірлер мен тұтастай алғанда мемлекеттің дамуы үшін берік негіз болып табылады.
І орын:
- Рысбек Айдана Ыкыласқызы, Қазақстан орта мектебі, ШҚО
ІІ орын:
- Қадыр Шернияз Қайратұлы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі, ШҚО
- Бегжан Еділ, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі, ШҚО
ІІІ орын:
- Темержан Айназ Білімбекқызы, "Жаңғызтөбе орта мектеп балабақша кешені" КММ Абай облысы
- Денщикова Милана Александровна, №34 мектеп-лицей, Өскемен қаласы
- Сайляубаева Аяна Ахметовна, Алтай мектеп-лицейі, ШҚО