Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызының төрағалығымен Басқарма отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі университет ғылымын интернационалдандыру тақырыбы болды, онда халықаралық ғылыми зерттеулердің басымдықтарына аса назар аударды, сондай-ақ халықаралық консорциумдарды қалыптастыру талқыланды.

Отырыс барысында сондай-ақ инфрақұрылымдық даму басқармасының атқарған жұмысы, студенттерді қабылдау, колледж қызметі, сондай-ақ үміткерлерді «500 ғалым» бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамаға дайындау туралы есептер ұсынылды.

Отырыс соңында қатысушылар университеттің стратегиялық даму бағыттарын талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы мен университет ортасында ғылыми зерттеулерді дамытуға баса назар аудару керектігі ерекше аталып өтілді.