Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ университетінің 1 курс студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерін түсіндіру болды. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Дулат Жардемқұлұлы Жақиянов, Жаслан Слямханұлы Слямханов и Шынар Мұратбекқызы Байтуканова жүргізді.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты; діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі, алдын алу жолдары, салдарлары; деструктивті діни ағымдардың қауіптілігіне қарсы іс-қимылдар; ғаламтор кеңістігінде радикалдық идеологияның таралуының алдын алу жолдары; құқықтық салдарлар жөнінде ақпараттар берілді.