6В07104 Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жобаларды қорғаудың соңғы күні «Казцинк» ЖШС-де өтті. Өндіріс базасында кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін білім беру бағдарламасының филиалы бар. Бұл ЖОО мен өндірістік кәсіпорындардың өзара тығыз байланысын көрсетеді.
Комиссия құрамында Т.И. Айдабулов - Өскемен ГЭС ЖШС бас директоры, С.А. Коротков - Казцинк ЖШС ӨМК бас энергетигі, В.П. Геращенко - Өскемен ГЭС ЖШС жоспарлау және перспективалық даму бөлімінің бастығы, А.М. Акаев - СҚжЭМ деканы, А.А. Сәрсенова - білім беру бағдарламасының басшысы, сонымен қатар әр түрлі қызметтердің энергетиктері де қатысты.
Қазіргі заманғы өндірістің қажеттіліктеріне жауап беретін жоғары кәсіби және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау Қазақстанның экономикасының дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
ШҚТУ студенттері: А. Крюков, А.Данилов, А. Жанузақов және Е. Қасайынның дипломдық жобаларының тақырыбы «Казцинк» ЖШС электрмен жабдықтау жүйесін жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған. Дипломдық жобаларды қорғау өте жақсы өтті.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті табысты ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстағы жоғары кәсібилік үшін алғысын білдіреді.