Осы жылдың мамыр айында Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев Kazakh Everest Team қазақстандық команда құрамында әлемнің ең биік шыңы - Эверест шыңына (8848 метр) көтерілді. Анар Бурашева тарихта осы шыңды бағындырған алғашқы қазақ әйел атанды -бұл туралы экспедицияның баспасөз қызметі хабарлады.
- «8000 метрден жоғары биіктікте қолайсыз ауа-райына байланысты шыңға шығуға бел буғандардың көпшілігі артқа қайтып, тек бес елдің альпинистері ғана Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың қатарында біздің отандастарымыз - әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ әйеліне айналған Анар Бурашева және Қазақстанның еңбегі сіңген альпинисті Мақсұт Жұмаев та болды», - деп хабарлайды экспедицияның баспасөз қызметі.
Жалпы, Kazakh Everest Team командасының өрлеуі бес тәулікке созылды. Эверест шыңын бағындырған Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көкке көтерді.
Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы осы жылдың сәуір айында Эверест шыңына шықты. Шыңды бағындыру Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовке, Рахымжан Қошқарбаевқа және Әлия Молдағұловаға арналды. Экспедицияны белгілі қазақстандық альпинист, ҚР Қарулы Күштерінің тау-кен даярлау орталығының нұсқаушысы майор Мақсұт Жұмаев басқарады. Kazakh Everest Team құрамында жеті адам, оның ішінде скайраннер-спортшы Анар Бурашева бар.
Анар Бурашева - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ түлегі. Бизнес мектебінде «Қаржы» бакалавриатының білім беру бағдарламасы бойынша оқыды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы, әсіресе Бизнес мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Анар Бурашеваны және Kazakh Everest Team командасын жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, төзімділік, әр басқан қадамдарына сенімділік және шабыт тілейді! Сәттілік адал серіктеріңіз болсын! Жаңа биіктерді бағындыруларыңызды тілейміз!