Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызының қатысуымен ректорат отырысы өтті.

Күн тәртібінде университеттің 65 жылдық мерейтойына дайындалу және "500 ғалым" жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай - ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы- ректоры Сәуле Жадыгерқызы ЖОО қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ректор Президенттің стратегиялық секторларды – өңдеу өндірістерін, мұнай-химия, машина жасау, энергетика және тамақ өнеркәсібін дамытуға баса назар аудару тапсырмасына ден қойды. Қазақстандық индустрия қазір инженерлік мамандықтарға және жұмысшыларға тапшылық сезінуде. Біздің ЖОО-ның әлеуетті жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынасы кадрларды толтыруға бағытталған. Студенттер 2 курстан тікелей өндірістерде оқып, Үлбі металлургия зауытының, Қазмырыштың, машина жасаушылардың, аграрийлердің және т.б. тапсырысы бойынша 20-дан астам білім беру бағдарламасы құрылды. Нәтижесінде кәсіпорындар түлектерімізді күттірмей жұмысқа қабылдайды.

ФОТО...