2025 жылғы 19 маусымда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында келесі мәселелер қаралды:

  • 2025 жылғы наурыз айындағы БМЖ ҮК шешімдерінің орындалуы туралы;
  • №41 ішкі аудиттің қорытындылары туралы;
  • №38, 39, 40 ішкі және сыртқы аудиттердің нәтижелері бойынша түзету әрекеттерінің орындалу барысы туралы;
  • Кітапханадағы БМЖ жағдайы туралы;
  • Сауалнамалар нәтижелері туралы: «Оқытушы білім алушылардың көзімен», «Университет бірінші курс студенттерінің көзімен», «Оқытушы әріптестері көзімен».

Сондай-ақ, «БМЖ бойынша басшылық тарапынан» (аралық талдау) ұсынылды.

Сонымен қатар, келесі ішкі нормативтік құжаттарға (ІНҚ) енгізілген өзгерістер қаралып, бекітілді:

  • Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі бойынша нұсқаулық – Б СІҚЖ «ШҚТУ» КЕАҚ 127-IV-2025,
  •  Құжатталған ақпаратты басқару – ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 002-II-2024,
  •  Ішкі аудиттер – ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 006-IV-2025,
  •  Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау – ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 015-II-2024.

https://www.do.ektu.kz/doektu/rectorat/koordsovet.aspx