«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынның мақсаты – жастардың әлеуетін арттыру, өзекті мәселелерін талқылау және мемлекеттік жастар саясатының өңірдегі жүзеге асырылу барысын саралау.
Кеңес отырысы барысында облыстың қала-аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының қызметі таныстырылып, олардың атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері жайлы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, жастар арасында кездесетін негізгі түйткілдер мен оларды шешу жолдары қызу талқыланды.
Жоғары оқу орындарының өкілдері жиын барысында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының өңірімізде іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Атап айтқанда:
- бағдарлама шеңберінде білім алып жатқан студенттерге көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау түрлері,
- оқу орнын аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру бағытындағы жүйелі шаралар,
- жастардың кәсіби бейімделуі мен оларды ауылдық жерлерге тарту жолдары қарастырылды.
Кеңес жұмысына ШҚТУ өкілдері, жастар саясаты саласындағы уәкілетті орган өкілдері, кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді студенттер қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, ортақ бастамаларды іске асыру бойынша келісімдер жасалды.
Бұл басқосу – өңір жастарының мәселесін бірлесе шешуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Жастар – ел ертеңі. Сондықтан олардың мүддесін қорғау мен қолдау – барша қоғамның ортақ міндеті.