Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шараның маңызды бағыттарының бірі - құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болу.
19 қыркүйек күні университеттің 2-жатақханасында осы ғимаратқа жауапты учаскелік полиция қызметкерімен студенттердің кезекті кездесуі өтті. Кездесуде студенттерге құқық бұзушылыққа әкелетін қажетсіз әрекеттерге қатысты маңызды құқықтық ақпарат берілді. Сондай-ақ балаларға заңсыз әрекеттердің куәсі болған жағдайда кімге хабарласу керектігі түсіндіріліп өтті.
Қылмыстың алдын алу болашақ мамандар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай кездесулер ШҚТУ-да дәстүрге айналды және студенттерге заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын және олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып жақсы түсінуге көмектеседі.