Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бас оқу ғимаратында (Г1-217 аудиториясы) университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның, ШҚО Дін істері басқармасының, ШҚО Полиция департаментінің және «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мамандар жарылғыш заттардың қауіптілігі, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу шаралары, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, қырағылық таныту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы әрбір қызметкердің жауапкершілігі мәселелері бойынша түсініктемелер алды.
Сала мамандары қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдарымен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында университет қызметкерлері өздерін қызықтырған мәселелер бойынша құзыретті мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай кездесулер ұжым мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және университет пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар олар білім беру ұйымындағы қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және кез келген ықтимал қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстардың бірі болып табылады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.