Бүгін Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың машина жасау мектебі «Ғылыми сұрақтар» интеллектуалды ойынын өткізді. Оған «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Зияткерлік ойын 2 турдан тұрды. Викторина қатысушыларына қыздыру сипатындағы сұрақтар және негізгі турдың сұрақтары ұсынылды.

Білім алушылардың жұмыстарын университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының жетекшісі Мұрат Мұздыбаев, аға оқытушы Динара Мырзабекқызы, аға оқытушы Валерий Роговский, байланыс зерттеулер кеңсесінің бас маманы Гаухар Тоқтарбаева бағалады.

Студенттер сұрақтарға үлкен ықыласпен жауап беріп, өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алды. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Азамат Нұрмалиев (21-ТТТ-1), 2 орынды - Қуандық Манапов (21-ТТК-1) және 3 орынды - Дарын Мүбарақов (21-ТТК-1) иеленді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтап, табыс тілейміз!