Іс-шараға "ШҚО білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары Әлима Ақылбек, "ШҚО білім басқармасы" ММ ТжКББ бөлімінің басшысы Гүлмира Ысқақова, "ШҚО кәсіптік білім беру орталығы" ММ басшысының м.а. Лазат Кездікбаева қатысты.

Шара аясында қонақтар шеберханаға барып, оның секторларымен танысты: "Автомобильдердің Smart-технологиялары; Бензин қозғалтқышы бар автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жасау; Дәстүрлі автомобильдер жүйелерін модельдеу сынақтары; Электромобильдер мен гибридті автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жасау.

Одан кейін университеттің мәжіліс залында отырыс өтті. Басқарма мүшесі - бірінші проректор Нұрбек Сапарходжаев жылы лебізін танытып, сөз сөйледі. ШҚТУ- дың Халықаралық инженерия мектебі деканының орынбасары Самат Байгереев "Лу Бань шеберханасымен" таныстырып, толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, "ШҚО білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары Алима Ақылбек және ШҚО ТжКБ ұйымдарының директорлар кеңесінің төрағасы Исатай Исин сөз сөйледі.

Іс-шара облыс колледждері басшыларының университетпен ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарымен аяқталды. Бұл презентация өңірдегі білім беруді дамытудағы маңызды қадам. Сондай-ақ, университет пен колледждер арасындағы серіктестікті нығайтуға өз үлесін тигізеді деп үміттенеміз.

  Барлық фото