Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында "Суицидтің алдын алудың бірыңғай тәсілдері: проблемалар мен шешу жолдары" атты облыстық кеңейтілген кеңес өтті.
Іс-шараға ШҚО әкімі Ермек Көшербаев, ШҚО ББ басшысы Иннеса Чернышева, Тергеу басқармасының бастығы, ШҚО полиция департаментінің полиция полковнигі Дәурен Иманмадиев, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Мақашева, ШҚО ББ өңірлік психологиялық көмек және қолдау орталығы басшысының м.а. Лилия Куземко, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында суицид жасау кезіндегі себептер мен жағдайларға, алдын алу шараларына және бірыңғай іс-қимыл стратегиясына байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, кибербуллингпен күресуге және оны желіде тануға бағытталған жаңа жобалар ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы шығарылып, ұсыныстар қабылданды.