Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысты ашқан Басқарма Төрағасы – университет ректоры С. Рахметуллина бүгінгі күннің еліміз үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін айтып, Ата Заңда ғылымды, жоғары білімді, инновацияларды және адами капиталды дамытудың басым бағыттары айқындалғанын жеткізді. Ректордың айтуынша, бұл университеттерге жоғары білікті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайту жолында ерекше жауапкершілік жүктейді.

Дәстүр бойынша Ғылыми кеңес отырысы салтанатты марапаттау рәсімімен басталды.

Философия докторы (PhD) дәрежесінің дипломдары төмендегі ізденушілерге табысталды:

  • Руслан Қайратұлы Четтықбаевқа – 8D06101 «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша;
  • Ольга Владимировна Агееваға – 8D07201 «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» білім беру бағдарламасы бойынша;
  • Алтынай Айбекқызы Рагдановаға – 8D07201 «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» білім беру бағдарламасы бойынша.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Х. Машекенова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.

Study in Kazakhstan бастамасын жүзеге асырудағы нәтижелі ынтымақтастығы үшін Ахбота Охай мен Б. Құсайынов Торайғыров университетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Айдың үздік қызметкері» байқауының қорытындысы бойынша С. Лутай жеңімпаз атанды.

Күн тәртібіне сәйкес Ғылыми кеңес мүшелері 2025–2026 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясының қорытындыларын, университеттің әлеуметтік және жастар саясатының өзекті бағыттарын, сондай-ақ білім беру, ғылыми және кадрлық қызметті жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.

Отырыс барысында «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ұсыну, 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық күнтізбелер мен профессорлық-оқытушылық құрамның жылдық оқу жүктемесінің уақыт нормаларын бекіту, босаған білім беру гранттарын тағайындау, бітірушілердің қорытынды аттестаттау комиссиялары төрағаларының есептерін бекіту, оқулықтар, оқу құралдары мен монографияларды баспаға ұсыну, докторанттарды аттестаттау, диссертациялық зерттеулердің тақырыптары мен ғылыми консультанттарын өзгерту, сондай-ақ Ғылыми кеңестің 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар Ғылыми кеңес университеттің көрнекті ұстаздарының есімдерін ұлықтау жөніндегі бастамаларды қолдады. Л.В. Столярованың есімі Г-2-406 аудиториясына, ал М.Н. Шевцовтың есімі «Сорғылар, желілер және су дайындау» зертханасына берілетін болды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан техникалық университетінің білім беру, ғылыми және инновациялық қызметін одан әрі дамытуға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.