2026 жылғы 30 маусымда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Үйлестіру кеңесінің мүшелері келесі мәселелерді қарастырды:
- 2026 жылғы наурыз айындағы БМЖ бойынша Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы туралы.
- №43 ішкі аудиттің қорытындылары жайлы. №40, №41 және №42 ішкі аудиттердің қорытындылары бойынша түзету іс-шаралары жоспарының орындалу барысы туралы.
- 2026 жылғы қадағалау аудитінің қорытындылары бойынша БМЖ-ны жақсарту жоспарының орындалу барысы туралы.
- Мансап орталығындағы БМЖ-ның жай-күйі жайлы («SDI Alumni Club» түлектер клубы).
- «Білім алушылардың көзімен оқытушы»; «Бірінші курс студенттерінің көзімен университет»; «Әріптестердің көзімен оқытушы»; «Жұмыс берушілердің көзімен түлектер» сауалнамаларының қорытындылары туралы.
- ҚІжДБ бөліміндегі БМЖ-ның жай-күйі туралы.
- Басшылық тарапынан БМЖ-ны талдау (аралық).
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі біріктірілеген менеджмент жүйесінің бірқатар ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізуді бекітуге ұсынды, оның ішінде:
- «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі бойынша басшылық» Б ІСҚЖ «ШҚТУ» КЕАҚ 127.
- «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ басшылығы тарапынан талдау жүргізу» құжатталған рәсімі» ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 004-II-2026.
- «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ білім алушыларын қорытынды аттестаттау» құжатталған рәсімі» ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 025-III-2026.
- «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да бакалаврларды даярлау» құжатталған рәсімі» ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 013-III-2026.
- «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да магистрлерді даярлау» құжатталған рәсімі» ҚР «ШҚТУ» КЕАҚ 014-III-2026.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша біріктірілген менеджмент жүйесін жетілдіруге және университет қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.
https://www.do.ektu.kz/doektu/rectorat/koordsovet.aspx.