Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде басқарма отырысы өтті. Жиын кандидат физика-математика ғылымдарының кандидаты Крыкпаева Аклима Абеновнаны құттықтаудан басталды. Оған Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаты табысталды. Алқалы жиынға проректорлар, мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттілік орталықтарының басшылары қатысты. Басқарма отырысында университет дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Әсия Машекенова 2024 жылғы шақыртылған профессорлардың атқарған жұмысы бойынша есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Шетелдік және отандық профессорлардың оқу сапасына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Сондай ақ, даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы басшысы Аноп Дарья «Университет рейтингтерде» жобасы аясында халықаралық және ұлттық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту жолдарын ұсынды.
Мектеп декандары университет қабырғасында атаулы аудиториялар ашу бастамасын қолдап, оны ұрпаққа өнеге боларлық рухани құндылық ретінде бағалады.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Әсел Дауылбаева мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Арайлы Сәрсембаева қабылдау науқанының барысы, шетелдік студенттермен жұмыс және ақпараттық ілгерілету шаралары жөнінде апта сайынғы есеп ұсынды.
Отырыс университеттің сапалы дамуына бағытталған тиімді шешімдер қабылданған маңызды алаң болды.
Бұл басқарма отырысы университеттің стратегиялық дамуы мен ішкі басқару үдерістерін жетілдіруге бағытталған маңызды шешімдер қабылданған алаң ретінде ерекше маңызға ие болды.