Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бірінші оқу корпусын қайта жөндеу және «Автомобиль және интеллектуалды технологияларды қолдану мен жетілдіру бойынша инжиниринг орталығын» құру үшін ғимарат салу жұмыстары басталып кетті.

Орталық - ШҚТУ мен Тяньцзинь кәсіби институты арасындағы «Лу Бань шеберханасы» жобасы аясындағы ынтымақтастықтың екінші кезеңі. «Қазақстандық инжиниринг орталығын автомобильдің интеллектуалды технологияларын қолдану мен жетілдіру» құру туралы келісім былтыр Қазақстандағы алғашқы «Лу Бань шеберханасы» ашылған кезде қол қойылғандығын еске саламыз.

Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы, «Бір белдеу - бір жол» бастамасының 10 жылдығы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдығы және Тяньцзинь кәсіби институтының 45 жылдығы аясында ашылды.

Құрылыс салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жұмадилов Нұржан Сайлаубекұлы, Басқарма Төрағасы-Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы, BIM-жобалау саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферы орталығының жетекшісі Хапин Александр Владимирович, «Элит Строй» ЖШС-нің бас мердігерінің өкілі Нысан Оспанхан Асқарұлы және одан басқа да ресми тұлғалар қатысты.

- Бүгін университетте тархии сәт, Лу Бань шеберханасы жобасының аясында екінші кезең, яғни автомобильді жетілдіру мен интеллектуалды технологияларды қолдану бойынша инжинирингтік орталық құру үшін оқу ғимаратының қосымша құрылысын бастаймыз, - деді ШҚТУ ректоры Сәуле Жәдігерқызы өз сөзінде - Құрылыс сәтті орындалып, белгілеген уақытында іске қослуына сенімдімін. Бүгінгі іс-шараға қолдау білдіріп келген Нұржан Сайлаубекұлына алғыс айтамын!

Инжиниринг орталығында студенттер заманауи қытай жабдықтарында автомобиль және интеллектуалды технологияларды қолдану мен жетілдіру әдістерін үйренеді, материалтану саласында зерттеулер жүргізеді және электромобильдердің аккумуляторлық батареяларына арналған материалтану мәселелерін шешумен айналысады.

- Құрметті университет ұстаздары және жиналған қауым! Осы университет біздің түлеп ұшқан оқу орнымыз, қазір де осы салада еңбек етіп жатырмыз. Қазақстанда бірінші рет ашылып жатқан «Лу Бань шеберханасы» біздің университетімізде ашылғанын білесіздер. Мына іргетасы қаланып жатқан жаңа компетенциялық орталықтың болашағы зор болсын. Білімді шәкірттеріміз көп болсын, осы оқу ордамыздың атын шығаратын түлектер көп болсы, - деп түйіндеді Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Сайлаубекұлы.

Шара соңында шеберхана іргетасын Сәуле Жәдігерқызы, Нұржан Сайлаубекұлы, Александр Владимириович, Басқарма мүшесі-ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Тусупкановна, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асия Хасеновна, Қаржы және шаруашылық қызмет департаментінің басшысы Наталья Викторовна, Инфрақұрылым басқармасының басшысы Улан Болатұлы, Нысан Оспанхан Асқарұлы - осы құрылыстың мердігері өз қолдарымен қалады.