2024 жылдың 27 қыркүйегінде Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтардың демографиялық жарылысы: себептері және салдары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар өтті.
Вебинарға шетелдік ғалымдар қатысты: Омурова О., Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), Аблажей Н. Н. Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің тарих институты тарих ғылымдарының докторы (Новосибирск, Ресей Федерациясы), Иркутск мемлекеттік университетінің әлеуметтану ғылымдарының докторы Григоричев К.В. (Иркутск, Ресей Федерациясы), Бляхер Л.Е. Тынық мұхиты мемелекеттік университтетің философия ғылымдарының докторы (Хабаровск, Ресей Федерациясы), Эбель Е. М., Таулы Алтай мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы (Горно-Алтайск, Ресей Федерациясы) және Қазақстан ғалымдары.
«DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми тобы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақтардың демографиялық әлеует ретінде: ретроспективалары мен даму перспективалары» AP19676895 гранттық ғылыми жобасын іске асыру аясында нәтижелерін ұсынды, ол үлкен қызығушылық тудырды және вебинардың талқылау тақырыбы болды.
«DSR» ХЗҒО