Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) Shakhmardan Yessenov Foundation қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ағылшын тілі бағдарламасының алғашқы оқу жылы аяқталды. Жобаның бастамашысы - қордың құрылтайшысы Галимжан Есенов.
2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың мамырына дейін 127 қатысушы - студенттер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар - оқу курсынан өтіп, ағылшын тілі деңгейін кем дегенде бір сатыға жақсартты. Бағдарлама онлайн форматта, шетелдік тәжірибелі оқытушылар - Энтони Дюррант пен Кортни Бейлидің қатысуымен жүргізілді.
- Қатысушылар жоғары мотивация көрсетті. Біздің оқытушылардың әдістері жағымды пікірлер алды, - деп атап өтті ШҚТУ-дағы бағдарламаның модераторы Инабат Серікқызы.
ШҚТУ-дан келген 275 өтінімнің ішінен 160 қатысушы іріктеліп алынды. Олардың 37-сі оқуды аяқтамағанымен, бірінші жылдың нәтижесі сәтті деп танылды.
25 үздік қатысушы IELTS халықаралық емтиханын Yessenov Foundation есебінен тапсырды. Емтихан 2025 жылдың маусым айында университет базасында British Council Kazakhstan ұйымымен өткізілді. Көпшілігі 5.0-5.5 ұпай аралығында нәтиже көрсетсе, бесеуі 6.0 мен 8.0 ұпай аралығында балл алды.
Бағдарлама ШҚТУ тарапынан әкімшілік және техникалық тұрғыдан қолдау тапты: Google Meet платформасының тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, қатысу мен үлгерім үнемі бақыланып отырды. Жыл қорытындысы университеттің басқарма отырысында таныстырылды.
Бағдарламаның екінші оқу жылына өтінім қабылдау қыркүйек айында басталады. Екі жыл ішінде шамамен 300 студент пен оқытушы ағылшын тілі деңгейін арттырып, 50-ге жуық қатысушы IELTS емтиханын қор есебінен тапсырады деп күтілуде.
https://yessenovfoundation.org/kk/programma-anglijskogo-pervyj-god-v-vktu/