Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы докторант Утегенова Меруерт Еркиновнаны философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!

2025 жылдың 18 шілдесінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 8D07202 - Металлургия білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде «Металлургия саласының орнықты дамуына өту жағдайында қорғасын және мыс өндірістерінің металлургиялық қождарын қайта өңдеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы табысты қорғалды.

Ғылыми жетекшілері Саденова Маржан Ануарбековна - х.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «VERITAS» орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Өскемен, Қазақстан), Иржи Яромир Клемеш - ғылым докторы, Брно технологиялық университетінің профессоры (Брно, Чехия) және Петар Сабев Варбанов - PhD докторы, Сечени Иштван университетінің профессоры (Дьёр, Венгрия).

Меруерт Еркиновнаның бұл жетістігі - ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтатын маңызды қадам. Ғылыми жолда жаңа табыстар мен сәтті жобалар тілейміз!