Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Металлургия — ауыр өнеркәсіптің жүрегі, ел экономикасының тірегі. Сіздердің табанды еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда.
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазахстан техникалық университет – техникалық кадрларды даярлау мен ғылыми-технологиялық шешімдерді ұсыну арқылы өңірдің металлургия саласын дамытуға бағытталған серіктестікті жоғары бағалайды. Біз сіздермен қалыптасқан өзара сенім мен ынтымақтастықты мақтан тұтамыз!
Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жаңа өндірістік жетістіктер мен отбасыңызға амандық тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы