Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ШҚО прокуратурасы мен ШҚО полиция департаментінің нашақорлықпен күрес бөлімінің бірлескен ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты - жастарды нашақорлықтың зиянды әсерлерінен қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және нашақорлыққа қарсы күресте жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Іс-шараға ШҚО «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының облыс филиалының төрағасы, ESBOL QORY ШҚО штабының басшысы Ляйля Төлеубекова, ШҚО прокуратурасының қала прокурорының аға көмекшісі С.А. Упоров, облыс прокуратурасының аға прокуроры К.К. Хайдаров, Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығының орынбасары, полиция майоры Б.Біржан қатысты.

Іс-шара барысында жастарға нашақорлықтың қоғамға, денсаулыққа, өмірге тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Иллюзия Свободы» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл фильм арқылы қатысушыларға нашақорлықтың адам өміріне қалай әсер ететіні және оның алдын алу жолдары көрсетілді.

Бұл профилактикалық кездесу жастарды зиянды әдеттерден сақтандыруға бағытталған маңызды шара болып, университеттің студенттері мен қызметкерлері үшін тиімді ақпараттық алаң болып табылады.