«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 4-курс студенттері (ер балалар) үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мақсаттағы қызмет өкілдерімен кәсіби бағыт-бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттерге қызмет өткеру тәртібі, үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар, кәсіби даярлықтың ерекшеліктері және болашақта қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты; «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына сәйкес жастардың азаматтық жауапкершілігін, отансүйгіштік қасиеттерін және кәсіби бағдарын қалыптастыру, бітіруші курс студенттеріне болашақ мамандығы мен қызмет жолын саналы таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сонымен қатар кездесу барысында ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңыздылығы түсіндіріліп, жастарды Отанға адал қызмет етуге, жауапкершілікке, тәртіп пен кәсібилікке баулуға ерекше назар аударылды.