Архитектура, құрылыс және энергетика мектебінде «Application of Machine Learning Methods in Civil, Power, and Environmental Engineering»  (Азаматтық құрылыс, энергетика және экологиялық инженерияда машиналық оқыту әдістерін қолдану) тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинарды Польшадағы Люблин технологиялық университетінің менеджмент факультетінің доценті, техника ғылымдарының докторы Monika Kulisz жүргізді. Семинарға университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысты.

Қатысушылар ұсынылған материалдың практикалық маңыздылығын атап өтіп, машиналық оқыту әдістерін азаматтық құрылыс, энергетика және экологиялық инженерия салаларында қолданудың болашағын талқылады.