Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректораты сіздерді жоғары білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – университетіміздің өркендеуіне, ғылым мен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегін құрметтеудің айрықша сәті.
Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз студенттердің сапалы білім алуына, кәсіби біліктілігін арттыруына және еліміздің дамуына қызмет етуде.
Ректорат атынан сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!Еңбектеріңіз абырой мен жеміске толы болсын!
Құрметпен, ШҚТУ-ның ректораты