Сәулет және құрылыс мектебінің Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқытушылары, біздің әріптестеріміз 2022 жылдың қараша айында Allplan оқыту курсын сәтті аяқтады. Бұл курс университет пен ALLBAU Software GmbH компаниясы арасындағы ТМД жоғары оқу орындарына арналған бағдарламаға сай келісім негізінде ұсынылды. Курсты толық аяқтап, білім алушыларға сертификаттар табысталды, сондай-ақ осы лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін пайдалану жайлы шарт жасасты. Бағдарлама екі компьютерлік сыныпта орнатылған және білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне келесі оқу жылына Құрылыс және сәулет саласындағы бакалавр студенттеріне арналған оқу процесіне енгізу ұсынылды!