Көктемнің, жаңарудың, береке мен бірліктің мейрамы – Наурыз мейрамы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ерекше түрде аталып өтті. Биылғы жылы бұл мейрам университет үшін жай ғана мереке емес, халқымыздың рухани, еңбек және батырлық мұрасының, ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен келісімнің символына айналды.

Мерекеде орнатылған киіз үйлердің тақырыптық безендірілуі 2025 жылғы Қазақстан Республикасының маңызды оқиғаларымен байланысты болды. Университеттің басты киіз үйі – «Абай әлемі» ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды. «Бірлік мекені» киіз үйі еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен келісімнің символы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. «Батыр рухы – елдің тірегі» киіз үйі Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыпта ұсынылды.

Киіз үйлер қалашығында ерекше орын алған «Еңбек қуаты» киіз үйлері Жұмысшы мамандықтар жылымен байланысты болды. Бұл киіз үйлерде университеттің инженерлік мамандықтары ұсынылып, жалпы еңбек идеясы – адамның шығармашылық бастауы ретінде көрсетілді.

«НАУРЫЗ – береке бастауы» мерекесі ШҚТУ-да шынайы шығармашылық және креативті алаңға айналды, мұнда халқымыздың бай дәстүрлі мәдениеті, батырлық өткені және қазіргі заманның трендтері үйлесімді түрде біріктірілді. Мерекеге университет қауымдастығының барлық өкілдері: студенттер, оқытушылар, бөлім қызметкерлері, университет ардагерлері белсенді қатысты. Мерекенің қонақтары университеттің стейкхолдерлері: билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, серіктес кәсіпорындардың өкілдері, кәсіпкерлер, шетелдік ғалымдар және басқалар болды.

Мұндай ауқымды іс-шаралар, ең алдымен, жастарымыз үшін маңызды, өйткені оларда қоғамымыз бен мемлекетіміздің рухани, мәдени, әлеуметтік дамуының маңызды бағыттары көрініс табады, барлық қазақстандық ұрпақтарды біріктіретін негіз қалыптасады.