Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Республика күніне орай «ULTTYQ VIBE» ұлттық киім күні өтті.

Іс-шараға қатысушылар ұлттық және заманауи этностильдегі образдарын ұсынды. Дәстүрлі киім элементтері, әшекейлер, түрлі аксессуарлар мен тақырыптық аквагрим қазақ мәдениетінің көркемдігі мен өзіндік ерекшелігін айшықтай түсті.

Домбыра үні университетке ерекше ұлттық реңк пен мерекелік көңіл күй сыйлады.

«ULTTYQ VIBE» дәстүр мен заманауи бағытты тоғыстырған шығармашылық алаңға айналды. Бұл күн мәдени мұрамызды дәріптеп, алдағы мерекенің ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.