Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да білім беру және ғылыми қызмет аясында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі тақырыбына арналған қонақтық онлайн-дәріс өтті. Жасыл технологиялар саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өткен бұл шара тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған платформаға айналды. Іс-шараның модераторы «Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Ынтымақтастық және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Альмира Сафиуллина болды.
Дәрісті ШҚТУ-дың Архитектура, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Ақаев пен «Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов ашып, студенттерге қонақ сарапшылар (онлайн форматта) сөз сөйледі. Олар энергия үнемдеу, жасыл құрылыс және энергия тиімділігі саласындағы қазіргі тенденциялар туралы өзекті ақпараттарымен бөлісті:
Елдос Абақанов, «Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Энергия тиімділігін дамыту саясаты» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік бастамаларды кешенді түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, энергия тиімді технологияларды енгізуді ынталандыратын заңнамалық өзгерістерге және мемлекет пен бизнестің серіктестігі арқылы тұрақты даму мақсаттарына жету перспективаларына ерекше назар аударды;
Марат Калменов, «Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Өңдеу және талдау департаментінің директоры, «Энергия үнемдеу: теориядан тәжірибеге» тақырыбында баяндама жасап, теориялық концепциялардың нақты жобаларға қалай айналатынын көрсетті. Ол Қазақстанда жүзеге асырылған жобалар туралы айтып, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу шығындарды оңтайландыруға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға қалай ықпал ететінін түсіндірді;
Айман Шопаева, Қазақстанның жасыл құрылыс кеңесінің (KAZGBC) техникалық директоры, «Жасыл құрылыс: инновациялар, стандарттар және Қазақстанның тұрақты дамуына қосқан үлесі» тақырыбында сөз сөйледі. Ол экологиялық құрылыс стандарттары, энергия тиімді материалдарды қолдану, энергияны және суды үнемдеу жүйелері сияқты заманауи тәсілдерді егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар, жасыл құрылыс тек тренд емес, болашақтың тұрақты қалаларын құрудың негізгі элементі екенін атап өтті;
Мария Степанова, Орталық Азиядағы NEAH сарапшысы, «Энергия тиімділігі және тұрақты болашақ» тақырыбында баяндама жасап, энергия тиімділігін дамыту бойынша үздік тәжірибелерді алмасу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол қонақтық дәрістер сияқты білім беру іс-шараларының жастарды тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге тарту үшін маңызды екенін ерекше атап көрсетті;
Илья Дмитренко, «Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергоэкспертиза)» АҚ Өңдеу және талдау департаментінің менеджері, «Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында сөз сөйледі. Оның баяндамасы энергияны басқарудың интеллектуалды жүйелері және жаңартылатын энергия көздерін қолдану сияқты инновациялық технологияларға шолу жасады. Заманауи технологиялардың қалалық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына қалай енгізілетініне ерекше назар аударылды;
Спикерлердің баяндамалары қатысушылар арасында белсенді талқылау тудырды, ал ұсынылған идеялар мен мысалдар энергия үнемдеу саласындағы жаңа жобалар мен зерттеулерге серпін берді. Мұндай шаралар ШҚТУ студенттеріне өзекті білім алуға ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму саласындағы өз бастамаларын дамытуға көзқарас пен идеяларын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал алынған ақпараттың практикалық маңызы – заманауи технологияларды оқу бағдарламаларына және кәсіби қызметке енгізуге септігін тигізетінінде.