2025 жылғы 21 қазанда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жаңа оқу жылында университеттің Академиялық Кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысқа УАК мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және шақырылғандар қатысты.

Күн тәртібінде негізгі мәселелер болды:

  • 2025 жылғы қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша мәселелер, оларды шешу жолдары және 2026 жылға арналған міндеттер туралы;
  • 2024-2025 оқу жылында білім алушылардың кәсіптік тәжірибелерін ұйымдастыру және өткізу қорытындылары және 2025-2026 оқу жылына арналған міндеттер туралы;
  • Оқу құралдарын сараптау туралы.

Сондай-ақ, Академиялық Кеңес отырысында декандардың жұмыс берушілер мен практик-мамандардың білім беру үрдісіне қатысуы жөніндегі есептері тыңдалып, мәселелер мен мүмкіндіктер айтылды.

УАК отырысының қорытындысы бойынша университеттің академиялық қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.