17 қазанда «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-да офлайн форматта Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Директорлар кеңесінің 6 мүшесі қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Отырыс аяқталғаннан кейін директорлар кеңесінің мүшелері үшін университет бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Онда олар университеттің қызметімен білім беру, ғылыми-зерттеу бағыты бойынша танысуға мүмкіндік алды.  Ғылыми орталықтар, құзыреттілік орталықтары, оның ішінде Лу бань халықаралық шеберханасы болды. Директорлар кеңесінің мүшелері университеттің даму перспективаларын көре алды.