Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған шахмат турнирі өтті.
Зияткерлік сайыс студенттер мен оқытушыларды бір арнаға тоғыстырып, елдің Негізгі заңының мерейтойына арналған іс-шаралар аясындағы маңызды оқиғаға айналды.
Шахмат – стратегиялық ойлау қабілетін, зейін мен төзімділікті дамытатын спорт түрі. Турнир білім, спорт және жастардың патриоттық тәрбиесін үйлестірудің маңыздылығын айқындады. Жарыс екі санат бойынша – ерлер және қыздар арасында өтті.
Қатысушылар арасындағы тартысты ойында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Ерлер арасында:
- 1 орын – Третьяков Руслан
- 2 орын – Сагамбеков Алтынбек
- 3 орын – Бердиканов Нұрасыл
Қыздар арасында:
- 1 орын – Шакирова Айсана
- 2 орын – Қалиева Айым
- 3 орын – Кожина Аделина
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. ШҚТУ басшылығының айтуынша, мұндай іс-шаралар шахматты кеңінен насихаттап қана қоймай, сонымен қатар студенттердің азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауға және бірлік сезімін нығайтуға ықпал етеді.