Бүгін 8 сәуірде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Жастардың шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуы» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өз жұмысын бастады.
Конференция Ғылыми зерттеулердің 8 бағыты бойынша жас ғалымдардың ізденістерін талқылауға мүмкіндік береді. Жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер конференция алаңында инновациялық идеялармен алмасты. Конференцияға ауызша және постерлік баяндамалары бар 450 адамдар қатысуда (https://sites.google.com/view/studconfvii/).
Бұл іс-шара жаңа зерттеулердің нәтижелерін таратуға және оларды жас ғалымдар мен сарапшылар арасында талқылауға арналған форум болып табылады.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының 19 университетері мен ғылыми-зерттеу институттарынан және ТМД елдерінің 2 университетінен жас зерттеушілері қатысты.