Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не қызметтік іс-сапармен екі француз университетінің жетекшілері келді.
Пуатье технологиялар университетінің директоры Majdi KHOUDEI, Ангулеме технологиялар университетінің директоры Thami ZEGHLOUL және Францияның Қазақстандағы елшілігінің ынтымақтастық бойынша қызметкері Thomas Huet ШҚМТУ өкілдерімен дөңгелек үстел басында ғылым мен білім және студенттердің тәжірибе алмасуы бойынша кеңес өткізді.
Аталған іс-сапар барысында университет лабораторияларына экскурсия өткізілді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі