28 наурызда ШҚМТУ студенттері «Электрлік желілерді басқару бойынша Қазақстандық компаниясына» экскурсияға барды (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC». Экскурсия куратор Прохоренкова Надежда Валерьевнамен бірге 15-ЭЛ-1 және 14-ЭЛ-1 топтары үшін жүргізілді. Студенттер Шығыс МЭС ОАО филиалының қызметімен және  ақаулар пайда болған жағдайда диспетчерлер жұмысын көрсететін Диспетчерлік пункт ШАДО-мен танысты. Ары қарай экскурсия – СЖДҚ-де жалғасты. Жоғарвольтті сынама зертханаларда студенттерге изоляцияның әр түрінде сынақ қалай жасалатынын, соның ішінде резеңке қолғап және басқа да қорғау заттарымен көрсетті. Химиялық зертханаларда трансформаторлық майлар диагностикасы туралы айтты. Қортындысында №7 ішкістанциясында заманауи құрылғылармен, релелік қорғау құрылғылармен және басқа да трансформаторлар түрлерімен танысты.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі