2023 жылғы 25-26 желтоқсанда №BR21882022 "Мониторинг жүйесін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысындағы көшкін белсенділігін зерттеу" бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде "Ионосфера институты" ЖШС жобасын бірлесіп орындаушылар өкілдерінің сапары өтті. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға жұмыс сапарымен: Елисеева Алена Викторовна, жер-ғарыштық зерттеулер деректерін кешенді талдау зертханасының меңгерушісі; Сахариев Бақыт Сембайұлы, Институттың жетекші ғылыми қызметкері және Искалиева Гүлнара Маратқызы, ғылыми хатшы келді.
Кездесу барысында жобаны іске асыру кезеңдері талқыланып, ШҚТУ құзыреттілік орталықтары бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді.
Кездесудің екінші бөлігі ШҚО ТЖД мен "Қазселденқорғау"ММ Шығыс Қазақстан филиалында өтті. Ионосфера институтының өкілдері облыстағы көшкін қаупі бар кезеңнің ағымдағы жағдайы бойынша Департаменттің қызметімен танысты.
26 желтоқсанда "Қазселденқорғау" ММ бақылаушысының сүйемелдеуімен жоба тобы Проходная өзенінің бассейні бойынша көшкін қаупі бар беткейлерді зерттеу үшін жолға шықты. ШҚТУ мен Ионосфера институтының мамандары жобаны іске асырудың одан әрі кезеңдерін жоспарлау мақсатында көшкін алымдарын қарап шықты.