1 қараша күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да АҚШ-тың Мемлекеттік Департаменті бойынша Орталық және Оңтүстік Азия жұмыстары Бюросы жанындағы Шетелдегі және Америка университеттер арасындағы серіктестікті дамыту бойынша үйлестіруші - Ричард Бойуммен және Астанадағы АҚШ Елшілігінің Мәдениет және білім беру сұрақтары бойынша атташе - Меган Тетрикпен кездесу өткізілді. 

Қонақтар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға бірінші сапары аясында АҚШ-тың оқу орындары және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Дөңгелек үстел басында Ричард Бойум мырза Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдары үшін ынтымақтастықты орнату жолдарының сұрақтары бойынша кеңес беріп, қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп отырды. Серіктестікті дамыту бастамасы біліктілікті арттыру арқылы әлеуетін кеңейтуге, оқу бағдарламаларын түзетуге, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту және зерттеу жүргізуге ерекше назар аударады.

Кездесуге ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор О.Гавриленко, аспаптар және технологиялық процестерді автоматтандыру кафедрасының профессоры Д.Алонцева, ШҚМТУ металлургия кешенінің жетекшісі Н.Куленова, ШҚМТУ білім беру технологиялары сапасын бағалау және дамыту орталығының аға ғылыми қызметкері М.Юсубалиева, ШҚМТУ Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы С.Уалиева, ШҚМТУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Т.Колесникова, ШҚМТУ халықаралық даму және ынтымақтастық орталығының жоғары деңгейлі білікті маман Е.Комекбаев қатысты.  

Ричард Бойум келу сапарын қорытындылай келе, жемісті кездесуді ұйымдастырып, өткізгені үшін университет ұжымына алғысын білдірді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі