Бүгін Д. Серікбеав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы ресми сапармен келді.

Сапар барысында Мәлік Нұржанұлы университеттің ғылыми және инновациялық инфрақұрылымымен танысты. Университеттің қонағы «Smart Engineering» және Құрылыс саласындағы құзыреттер мен технология трансфері орталығын аралап көрді. Ерекше қызығушылығын тудырған «Қорғаныс және функционалдық жабындар» ғылыми орталығының жұмыстары болды.

Жас ғалымдардың медициналық инжиниринг, құрылыс технологиялары және басқа да бағыттардағы ғылыми-техникалық әзірлемелері өңір мен ел экономикасын дамытуда маңызды практикалық жаңалықтар ретінде қадірлі қонақ тарапынан жоғары бағаланды.

Дөңгелек үстел аясында Шығыс Қазақстан облысының ғылыми қауымдастығы мен зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірлік даму мәселелері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда қойған стратегиялық міндеттерін іске асыру жолдары, сондай-ақ жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдау тетіктері мен елдің ғылыми әлеуетін нығайту перспективалары талқыланды.

М.Н. Отарбаевтың бұл сапары – мемлекеттің өңірлік деңгейдегі ғылым мен инновацияны дамытуға деген жоғары қызығушылығының айқын дәлелі болды.