Бұған дейін хабарланғандай, 25-26 қыркүйекте "Қазақстандағы және шектес аумақтардағы этнодемографиялық процестер" ХХІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оның стратегиялық нәтижесі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы), Иркутск мемлекеттік университеті (Иркутск қаласы, Ресей Федерациясы), Тынық мұхиты мемлекеттік университеті (Хабаровск қаласы, Ресей Федерациясы) арасындағы ынтымақтастық туралы шарттарға қол қою болды.

Бұл оқиға ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығы бүкіл жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа перспективаларын қалай ашатынының мысалы болып табылады, тек зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа білім беру бағдарламалары мен профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру үшін мүмкіндіктердің кең ауқымын қолжетімді етеді.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес тұрақты негізде - студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығының әртүрлі нысандары мен деңгейлерін дамытуды (мысалы, негізгі білім беру бағдарламалары бойынша студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру), екі дипломды білім беру мүмкіндіктерін, ұйымдастырушылық және ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне шығу, гуманитарлық, жаратылыстану және нақты ғылымдар мен технологияларды дамыту саласындағы жаңа бірлескен зерттеулерді іске асыру жоспарланып отыр.

Бірлескен жоспарларды егжей-тегжейлі талқылау дөңгелек үстел барысында өтті. Оған Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасының орынбасары - Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ертай Сұлтан, Иркутск мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Константин Григоричев, Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің өңіртану және қырғызтану кафедрасының меңгерушісі Жамбыкат Омурова, Тынық мұхиты мемлекеттік университетінің Әлеуметтік және саяси ғылымдар Жоғары мектебінің профессоры Леонид Бляхер және "DIGITAL SOCIAL RESEARCH" МНО ғылыми қызметкерлері Жанна Әубәкірова, Александр Алексеенко және Нелли Краснобаева қатысты.

Әртүрлі елдердің университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы шарттар - бұл ынтымақтастықтың өзге кеңістігін қалыптастыратын, халықтар арасындағы достық қатынастарды нығайтуға ықпал ететін ерекше байланыстар. Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан әрқашан мәдени диалог пен білім алмасудың орны болған. Ынтымақтастық туралы жаңа халықаралық шарттарға қол қою - жаңғыртуға жұмыс істейтін дәстүрдің лайықты жалғасы.

"DSR" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы