25-28 қыркүйек аралығында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Тяньцзинь кәсіби институтының делегациясы келді. Сапардың мақсаты "Лу Бань шеберханасындағы" жөндеу жұмыстарының ағымдағы жай-күйімен танысу және одан арғы қадамдарды талқылау болды.
Делегация құрамына: TVI Вице-президенті Ян Ронмин, Ду Вэнбо Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры, нұсқаушы Лю Джун, нұсқаушы Ху Сиаулу, инженер Сие Чонбин, инженер Ти Хайчиан, инженер Чжан Хейан, Тяньцзинь қаласының муниципалдық білім беру комиссиясы директорының орынбасары Ло Яньан, Тяньцзинь қаласының муниципалдық білім беру Комиссиясының кәсіптік білім департаментінің директоры Ли Ли, Тяньцзинь қаласының муниципалды білім беру комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және алмасу Департаментінің директоры Ван Цзюньян, Тяньцзинь технологиялар және білім беру университетінің вице-президенті, Білім Министрлігінің Лу Бань шеберханаларын салу жөніндегі сараптама комитетінің бас директоры Лю Цзинькуан, Лу Бань шеберханаларын халықаралық дамытуды зерттеу орталығының директоры, Тяньцзинь технологиялық және педагогикалық университеті Чжан Лэй, Лу Бань шеберханаларын халықаралық дамытуды зерттеу орталығының ғылыми көмекшісі, Тяньцзинь технологиялық және педагогикалық университеті Лю Мин.
Сапардың бірінші күні шеберхананы тексеруге және құрылыс барысын талқылауға арналды. Онда жабдықты әрлеу, безендіру, жеткізу және орнату уақыты сынды маңызды тақырыптар қозғалды.
Келесі күнгі жиналыс барысында электр энергиясы, розеткаларды орналастыру, интернет, жарықтандыру және шеберханадағы бөлімдер мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын талқылау үшін халықаралық инженерлік мектебімен кеңес өткізілді.
Сапардың үшінші күні шеберхананы тексергеннен кейін жиналыс өтті, онда құрылыс барысы талқыланып, муниципалдық делегацияның ұсыныстары қаралды. Содан кейін ШҚТУ басшылығымен кездесу өтті, онда "Лу Бань шеберханасын"салу барысында айтарлықтай прогресс бар екені атап өтілді.
Сондай-ақ, сапар аясында ШҚТУ ғылыми және оқу зертханалары бойынша экскурсия өтті. Қонақтар "SMART ENGINEERING" құзырет орталығы, Құрылыс және құрылыс технологиялары саласындағы құзырет орталығы, виртуалды шындық саласындағы құзырет орталығы, Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы ҚО және ТТ, энергетика саласындағы ҚО, кітапхана, "VERITAS" ҚО аналитикалық зерттеулер зертханасы, "Алтын Алтай"музейіне барды.
Қорытындылай келе, тараптар "Лу Бань шеберханасының" ашылу рәсімін ұйымдастыруға қатысты әкімшілік және техникалық мәселелерді талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында автомобиль көлігі саласында заманауи оқу зертханалары құрылатын болады. Заманауи Қытай технологияларын пайдалана отырып, автомобиль көлігі саласында мамандар даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру мүмкіндіктері, сондай-ақ Қытайдың жоғары және кәсіптік оқу орындарымен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту (қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен ғылыми жобалар және т.б.) мүмкіндіктері бар.