2023 жылғы 28 қыркүйекте жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің атынан "Ертіс концерт" Орталық Мәдениет үйінде іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-үгіт тобының оқушылармен жұмыс жүргізілді, "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілерімен және студенттермен кездесу өткізілді.

Мәдениет үйінің фойесінде Ұлы Отан соғысына арналған көрме ұйымдастырылып, атыс қаруы мен қорғаныс құралдарының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынды.

Аталған іс-шараға университеттің әскери кафедрасының студенттері белсенді қатысты.