"Семей инжиниринг" АҚ - Қазақстанның күштік ведомстволарының броньды танкті техникасын жөндеу және жаңғырту бойынша елдегі жалғыз мамандандырылған кәсіпорын. Сондай-ақ кәсіпорын интеграцияланған жаңғыртылған элементтері бар динамикалық тренажерлер шығарады, ал оларды пайдалану үшін виртуалды шындық форматындағы бейнеинстуркциялар әзірленді.

АҚ өндірістік алаңдарды ұлғайту үшін үнемі жұмыс істейді: жаңа құрылыстар салуда, энергия тұтынуды жетілдіруде, бизнес процестерді цифрлық платформаға көшіруде, қолда бар су шаруашылықтарын реконструкциялауда. Кәсіпорын мамандары өз мүмкіндіктерін кеңейту үшін ШҚТУ-ға барып, университет инфрақұрылымымен: факультеттермен, кафедралармен, зертханалармен, ғылыми-білім беру орталықтарымен танысты.

Дөңгелек үстел басында қонақтар ынтымақтастық мәселелерін талқылады және "Семей инжиниринг" АҚ өкілдері қатысушыларға жемісті кездесу үшін алғыс айтып, Университеттің жұмысын жоғары бағалады.