ШҚТУ өкілдері Дубайда қаласында (БАӘ) British University базасында өткен технологиялар мен қауіпсіздікке арналған бизнес-аналитика бойынша 3-Ші Халықаралық конференцияға (Business Analytics for Technology and Security ICBATS-2025) қатысты.

Конференцияда университет атынан цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры Увалиева И.М. және халықаралық инженерия мектебінің ғылыми қызметкері, 6B06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасының студенті Борозенец Дэвид Рафаэлевич қатысты.

Конференция цифрлық технологиялар, деректерді талдау және ақпараттық қауіпсіздік және соған байланысты салаларда жұмыс істейтін әр түрлі елдердің жетекші зерттеушілерін, сарапшылары мен мамандарын біріктірді. Осындай маңызды халықаралық ғылыми іс-шараға қатысу ШҚТУ өкілдеріне «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша іске асырылатын АР19679525 «Электрондық денсаулық паспортына арналған клиникалық-гематологиялық синдромдарды диагностикалаудың бағдарламалық кешені» жобасы шеңберінде зерттеу нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара аясында ШҚТУ қатысушылары денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдерді әзірлеу және тәжірибелік тестілеу мәселелеріне арналған «Experimental Operation of the Health Passport Software System» тақырыбында баяндама ұсынды. Бұл жұмыс медициналық жүйелерде технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аналитикалық құралдарды қолдану аясында халықаралық ғылыми қауымдастықтағы әріптестердің қызығушылығын тудырды.