«EduWeek EKTU-2025» академиялық онкүндігі аясында Oskemen Hub алаңында Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің аға оқытушысы Дидар Мұратұлының «Жасанды интеллект негіздері» пәні бойынша ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы – «Интерактивті боттар мен сайттар: ЖИ арқылы қолданушы тәжірибесін арттыру» – қолданушылардың цифрлық платформалармен өзара әрекеттесу сапасын арттырудағы жасанды интеллект технологияларының қолданысына арналды.

Интерактивті форматтағы сабақ барысында қатысушылар:

  • интеллектуалды чат-боттар мен виртуалды көмекшілер қалай жасалатынын;
  • қолданушы мінез-құлқын талдауға арналған ЖИ алгоритмдерін;
  • сайт интерфейсін нақты қолданушыға бейімдеудің жолдарын;
  • жасанды интеллекттің бизнес, білім беру және мемлекеттік салалардағы нақты қолданыс мысалдарын білді.

Сабақта заманауи бағдарламалау тілдері мен машиналық оқыту платформалары арқылы жасалған жұмыс істейтін интерактивті боттардың прототиптері таныстырылды. Дидар Мұратұлы өзінің білім беру бағытындағы ИИ-платформаларды әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Осындай ашық сабақтар цифрлық сауаттылықты арттыру және жастарды технологиялар саласына тарту бастамасының бір бөлігі болып табылады. Oskemen Hub — оқыту, тәжірибе алмасу және IT-жобаларды іске асыруға арналған белсенді алаң болып қала береді.