8 қарашада QS рейтингтік агенттігі 857 университеттің қызметін талдай отырып, QS Asia University Rankings 2024 рейтингінің нәтижелерін ұсынды. QS агенттігінің рейтингтері Academic Ranking of World Universities және Times Higher Education World University компанияларымен қатар әлемдегі ең ықпалды рейтингтер ретінде танылады.
2024 жылы ШҚТУ Азия аймағы бойынша QS Asia University Rankings рейтингінде үздік 36%-ға кіріп, өткен жылмен салыстырғанда өз нәтижесін жақсартты (ТОП 40%), бұл рейтингке қатысатын университеттер санының артуына қарамастан, азиялық университеттер тізімінде №301-350 орынды ұстап тұруға мүмкіндік берді.
ШҚТУ Орталық Азия университеттерінің тізімінде № 16 орын, ал 34 қазақстандық ЖОО арасында №12 орын алады.
QS Asia University Rankings 2024 рейтингінің әдіснамасында жаһандық рейтингтің негізгі көрсеткіштері сақталған, сонымен қатар осы өңірдегі университеттер үшін мұқият іріктелген тиімділік көрсеткіштерінің жиынтығы ескеріледі.
QS Asia University Rankings рейтингін жасау үшін 11 көрсеткіш пайдаланылады. Осы көрсеткіштердің барлығы үздік университеттердің қызметін объективті және толық сипаттайды.
2024 жылы академиялық беделдің көрсеткіші және шетелдік оқытушылар үлесінің көрсеткіші айтарлықтай жақсарды, бұл әлемдік қоғамдастық тарапынан ШҚТУ-ның танылғанын көрсетеді Жаһандық рейтингтердің қорытындыларына сүйене отырып және өз жетістіктерін талдай отырып, ШҚТУ біртіндеп және дәйекті өсуді көрсете отырып, Халықаралық рейтингтерде белсенді түрде ілгерілеуде.