Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы әріптестеріне Шығыс Қазақстан облысындағы «Лу Бань шеберханасы» базасында енгізілген халықаралық стандарттар негізінде кадрларды тәжірибеге бағдарланған даярлау әдісі туралы айтып берді.

«Лу Бан шеберханасы» - ШҚТУ мен Тяньдзин кәсіптік институтының (Қытай) бірлескен жобасы, онда CDIO (Conceive, Design, Implement, Operate) Дүниежүзілік бастамасы шеңберінде төрт зертханадан тұрады: «Бензинмен жүретін автомобильдерді жөндеу және диагностикалау», «Дәстүрлі автомобиль жүйелерін модельдеу сынақтары», «Электромобильдер мен гибридті автомобильдерді жөндеу және диагностикалау», «Автомобильдердің SMART технологиялары» және екі білім беру бағдарламасы бойынша инженерлерді даярлау іске асырылады: «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану».

ШҚТУ ректоры Қазақстан университеттерінің өкілдеріне алғашқы келіссөздер мен ынтымақтастық туралы уағдаластықтан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен ашылуына және Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында сапарға дейінгі шеберхана жобасының қалай жүзеге асырылғанын егжей-тегжейлі айтып берді.

Онлайн-семинарға Қазақстанның жоғары оқу орындарының 60-тан астам ректорлары мен өкілдері қатысты. Олар жобаны іске асыруға, әкімшілік және оқу компонентіне қызығушылық танытты, халықаралық ынтымақтастықтың барысы бойынша да, білім беру инновациялары бойынша да сұрақтар қойды.