Құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі».
Жыл сайын елімізде «Мектепке жол» акциясы өткізіледі, ал биыл балалар жылында акция 31 тамызға дейін жалғасып, «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» деген атауға ие болды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жыл сайын акцияға белсенді қатысады, өйткені бұл аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға нақты көмек және қолдау. ШҚТУ балалар жылында 10 балаға алдағы оқу жылына қажетті кеңсе тауарлары бар рюкзактар сыйлады.