Webometrics рейтингісінің нәтижелері жарияланды. Бұл рейтинг жыл сайын 2 рет (қаңтарда, шілдеде) жоғары оқу орындарын цифрландыруды дамыту және олардың ақпараттық ресурстарының ашықтығы бойынша бағалайды. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ екінші жыл қатарынан қаңтар айында еліміздің 130 жоғары оқу орны арасында 6-шы орынды иеленіп отыр.
Осы жылдың шілде айында біз 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда нәтижемізді жақсарттық, еліміздің 132 жоғары оқу орны арасында 6-орынды иелендік. Әлемнің 31376 дамыған университеттерінің ішінде біздің университет 4738 орынға ие болды.
Айта кету керек, әлемдік рейтингтердегі ЖОО саны жыл сайын артып келеді. Әлемдік деңгейде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи ғылыми инфрақұрылым бізге рейтингтердегі өз позицияларын сақтауға көмектеседі. Индекстелетін журналдардағы жарияланымдардың жыл сайынғы өсуі, біздің ҒЗЖ Хирша индексінің артуы осыны дәлелдеп отыр.
Бұл рейтинг әлемнің жоғары оқу орындарының веб-саясатын жақсартуға бағытталған, білімге ашық қол жеткізу идеясын, жоғары оқу орнының веб-қатысуын кеңейтуді, ғалымдардың жарияланымдарының қолжетімділігін қоса алғанда, сапалы электрондық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қызметтің ашықтығын ілгерілетеді.